• Рус
  • Қаз
Сүт безі обыры: белгілері, диагностикасы және қайда тексеруден өтуге болады
Неге назар аудару керектігін біліп, карта арқылы өзіңізге жақын клиниканы табыңыз
Сүт безінде пайда болған кез келген жаңа немесе әдеттен тыс өзгеріс дәрігерге жүгінуге себеп болады. Өзін-өзі тексеру сүт бездерінің қалыпты күйін жақсырақ білуге көмектеседі, бірақ маммография мен маманның консультациясын алмастырмайды.
Сүт безі обыры ерте кезеңде анықталған жағдайда емдеу нәтижесі анағұрлым жоғары болады.
Сүт безінде немесе қолтық асты аймағында жаңадан пайда болған түйін немесе тығыздалу
Сүт безіндегі түйін
1
Емізік ұшының ішке тартылуы
Немесе оның орналасуының айқын өзгеруі
2
Пішінінің өзгеруі
Сүт безінің көлемі немесе пішінінің өзгеруі
3
Бөлінділер
Емізік ұшынан әдеттен тыс бөлінділердің, әсіресе қан аралас бөліндінің болуы
4
Ісіну немесе ауырсыну
Сүт безінің ісінуі немесе басылмайтын жергілікті ауырсыну
5
Терінің өзгеруі
Қызару, қабыршақтану, терінің қалыңдауы, шұңқырлануы немесе апельсин қабығы тәрізді өзгерістер
6
Қандай өзгерістерді елемеуге болмайды3,5,6
Қауіп факторлары3
Қауіп-қатерді бағалау және алдын алуды жоспарлау кезінде ескеру маңызды алты негізгі фактор
40 жастан асқан жас
40 жастан кейін сүт безі обырының қаупі едәуір артады. Сондықтан бұл жаста тұрақты скринингтен өту әсіресе маңызды.
Тұқым қуалаушылық
Жақын туыстар арасында сүт безі обырының болуы адамның жеке қаупін арттырады.
Гормондық факторлар
Ұзақ мерзімді гормондық терапия, етеккірдің ерте басталуы және менопаузаның кеш басталуы гормондық фонға әсер етіп, онкологиялық аурулардың даму қаупін арттыруы мүмкін.
Артық салмақ
Май тіні эстроген өндіреді. Сондықтан артық салмақ сүт безі обырының гормонға тәуелді түрлерінің даму қаупін арттыруы мүмкін.
Алкоголь тұтыну
Алкогольді тіпті орташа мөлшерде тұтынудың өзі сүт безі обыры қаупінің жоғарылауымен байланысты. Алкогольден бас тарту бұл қауіпті төмендетуге көмектеседі.
Дене белсенділігінің төмен болуы
Тұрақты дене белсенділігі эстроген деңгейін және қабыну үдерістерін төмендетуге көмектесіп, онкологиялық аурулардың даму қаупін азайтады.
Сүт бездерін қалай тексеруге болады6
Тексеруді етеккір аяқталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң жүргізген дұрыс. Егер етеккір болмаса, ай сайын бір күнді таңдап, тексеруді сол күні жүргізуге болады. Өзін-өзі тексеру сүт бездерінің қалыпты күйін жақсырақ білуге көмектеседі, бірақ маммографияны алмастырмайды.
Айна алдына тұрыңыз
Сүт бездерінің пішініне, көлеміне, терісіне және емізік ұштарының орналасуына назар аударыңыз.
Қолыңызды көтеріңіз
Сүт бездерінің пішіні немесе емізік ұштарының орналасуы өзгеретін-өзгермейтінін бақылаңыз.
Емізік ұштарын тексеріңіз
Кез келген бөліндіге назар аударыңыз.
Жатқан күйде сүт бездерін сипап тексеріңіз
Сүт безінің барлық тінін және қолтық асты аймағын мұқият тексеріңіз
Тұрып қайта тексеріңіз
Тексеруді душ қабылдау кезінде де жасауға болады.
!Маңызды!
Сүт безіндегі өзгерістердің көпшілігі обырмен байланысты емес. Бірақ олардың нақты себебін тек маман анықтай алады.
Маманға жүгінуге себеп болатын жағдайлар
Егер тексеруден көптен бері өтпеген болсаңыз
Егер жақын туыстарыңызда сүт безі обыры болған болса
Егер сүт безінде өзгерістер пайда болса
Егер жасыңыз 40-тан асса
Жақын арада сүт бездерін тексеруден өтуді жоспарлап отырсыз ба?
Бір жауап нұсқасын таңдаңыз
Иә, жоспарлап отырмын
Әзірге жоқ
Тұрақты түрде тексеруден өтіп тұрамын
Жіберу
Жақын арада сүт бездерін тексеруден өтуді жоспарлап отырсыз ба?
Жауабыңыз үшін рақмет
Өзіңізге қамқорлық жасау – салауатты болашаққа жасалған қадам
Әзірге тексеруден өтуді жоспарламасаңыз да, жақын маңдағы сенімді медициналық орталықтардың қайда орналасқанын біліп алуға кеңес береміз.
Клиниканы табу

Жақын жерде тексеруден қайда өтуге болады

  • Барлық қалалар
Операция аяқталды. Әрі қарай не болады?
Ем жалғасады, қауіп төмендейді
Хирургиялық араласу / ем ісікті алып тастауға бағытталған. Кейінгі ем рецидив ықтималдығын төмендетуге және қол жеткізілген нәтижені бекітуге көмектеседі.1,2
Операция
Көзге көрінетін ісік жоқ
Қауіп сақталуы мүмкін
Адъюванттық терапия
Қауіпті төмендету
Денсаулықты бақылау
Неліктен рецидив қаупі сақталуы мүмкін?
Операция кезінде көзге көрінетін ісік алынып тасталады, алайда аурудың қайта оралу қаупі сақталуы мүмкін. Адъюванттық терапия және тұрақты бақылау бұл қауіпті төмендетуге көмектеседі. «Ауру белгілері жоқ» деген қорытынды жақсы жаңалық болғанымен, бұл рецидив қаупі мүлде жоқ дегенді әрдайым білдірмейді.
Емді толық аяқтау неліктен маңызды
Егер ем белгіленген мерзімнен бұрын тоқтатылса, оның қорғаныш әсері толық жүзеге аспауы мүмкін. Егер күмәніңіз болса, оны дәрігеріңізбен талқылаңыз, балама нұсқалар туралы сұраңыз және емдеу жоспарын өзгертуге болатынын нақтылаңыз. Емді өз бетіңізше тоқтатпаңыз.
Жанама әсерлер пайда болса, не істеу керек
Үндемей төзбеңіз → дәрігерге хабарлаңыз → дәрігер жағдайды бағалайды → қажет болса емді түзетеді
Жанама әсер әрдайым емді тоқтатуға себеп бола бермейді. Көптеген жағымсыз құбылыстарды бақылауға болады.
Емнен кейінгі бақылау да емнің бір бөлігі
Дәрігердің тұрақты бақылауы денсаулық жағдайындағы кез келген өзгерісті дер кезінде анықтауға көмектеседі. Дәрігерге жоспарлы барулар арасындағы кезеңде сүт бездеріңіздің қалыпты күйі қандай екенін білу және кез келген өзгеріске назар аудару маңызды.
Адъюванттық терапия қауіпті қалай төмендетеді?
Адъюванттық терапия операциядан кейін ағзада қалуы мүмкін ісік жасушаларын жою және рецидив қаупін төмендету үшін жүргізіледі. Терапияның түрі мен көлемі аурудың ерекшеліктеріне және сіздің жеке қауіп деңгейіңізге байланысты.
Әр пациентке бірдей ем қажет емес. Сіздің емдеу жоспарыңыз нақты ісігіңіздің ерекшеліктеріне байланысты анықталады.
Менің рецидив қаупім неге байланысты?
Қауіп әр адамда әртүрлі және бірқатар факторлардың жиынтығына байланысты: ісіктің көлемі, лимфа түйіндерінің зақымдануы, қатерлілік дәрежесі, ісіктің биологиялық ерекшеліктері ER / PR / HER2 / Ki-67 және жүргізілген ем көлемі.
1–3 лимфа түйінінің зақымдануы N1 деп белгіленеді.³ Бұл маңызды қауіп факторы, бірақ жалғыз фактор емес. Жалпы жағдайды дәрігер бағалайды.
?
Операциядан кейін:
тұрақты болашаққа бастар жол
ER (Estrogen Receptor) – эстроген рецепторлары. Ісік жасушаларының эстрогенге жауап беретін-бермейтінін көрсетеді.
PR (Progesterone Receptor) – прогестерон рецепторлары. Ісіктің прогестеронға сезімталдығын көрсетеді.
HER2 (Human Epidermal Growth Factor Receptor 2) – адамның эпидермалық өсу факторының 2-типті рецепторы болып табылатын ақуыз. HER2 экспрессиясының жоғары болуы ісіктің жылдамырақ өсуіне ықпал етуі мүмкін.
Ki-67 – пролиферация, яғни жасушалардың бөліну маркері. Ісік жасушаларының қаншалықты белсенді көбейетінін көрсетеді. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, ісік соғұрлым жылдам өсуі мүмкін.

Не істеуге болады
Ұсынылған бақылау кестесін сақтаңыз және жаңа пайда болған немесе сақталып жүрген белгілер, ауырсыну және денсаулық жағдайындағы басқа өзгерістер туралы дәрігерге хабарлаңыз. Бұл туралы жоспарлы қабылдаулар арасындағы кезеңде де хабарлау маңызды.
Денсаулықты бақылау10
Ем аяқталғаннан кейін дәрігердің тұрақты бақылауын жалғастыру маңызды.
Бақылау қабылдауларына дәрігерлік тексерулер, талдаулар және емнен кейінгі денсаулық жағдайын бақылауға қажетті басқа да зерттеулер кіруі мүмкін.
Не істеуге болады
Дене белсенділігіне біртіндеп оралыңыз. Тіпті аздаған тұрақты белсенділік, мысалы, жаяу жүру, күнделікті режимнің бір бөлігіне айналуы мүмкін.
Өзіңізге қамқорлық жасау10
Емнен кейін денсаулыққа қамқорлық жасау қалпына келудің маңызды бөлігі болып қала береді. Дене белсенділігі, теңгерімді тамақтану және қалыпты салмақты сақтау жалпы жағдайды жақсартуға көмектеседі.
Не істеуге болады
Қазір сізге қандай көмек қажет екенін жақындарыңызға айтыңыз.
Бұл күнделікті істерге көмектесу, сізді тыңдау немесе қалпына келу кезеңінде қолдау көрсету болуы мүмкін.
Жақындардың қолдауы10
Қолдауға деген қажеттілік ем аяқталғаннан кейін де сақталуы мүмкін. Қалпына келуге уақыт керек, ал отбасы мен жақындардың көмегі осы кезеңнің маңызды бөлігі болып қала алады.
Не істеуге болады
Бірден бұрынғы өмір ырғағына оралуға тырыспаңыз. Егер жұмысқа оралуды жоспарлап жүрсеңіз, жүктемеге қаншалықты дайын екеніңізді дәрігеріңізбен талқылаңыз. Кейде қысқартылған жұмыс күні немесе күнделікті режимді уақытша өзгерту қажет болуы мүмкін.
Қалыпты өмірге оралу8
Емнен кейін қалпына келуге уақыт қажет болуы мүмкін.
Өзіңіздің жағдайыңызды ескере отырып, біртіндеп күнделікті істерге, жұмысқа және үйреншікті белсенділікке оралуға болады.
Не істеуге болады
Өз сезімдеріңіз бен алаңдаушылығыңызды жақындарыңызбен және медициналық командамен талқылаңыз. Егер мазасыздықпен күресу қиынға соқса, психологқа немесе басқа маманға жүгінуге болады.
Эмоциялық қалпына келу10
Ем аяқталғаннан кейін бір мезгілде жеңілдік те, алаңдаушылық та сезілуі мүмкін.
Аурудың қайта оралуынан қорқу да емнен кейін кездесетін қалыпты сезімдердің бірі және уақыт өте өзгеруі мүмкін.
Емнен кейінгі өмір
Қалпына келу кезеңінде түрлі эмоциялар мен сұрақтар туындауы мүмкін. Бұл жолда сіз жалғыз емессіз.
1. Jhaveri K. және т.б. Абстракт. ESMO Breast Cancer 2026, 6–8 мамыр, Берлин, Германия.
2. Jhaveri K. және т.б. Постер 235P, ESMO BC 2026.
3. Pan H. және т.б. N Engl J Med. 2017;377:1836–1846.
4. Crew K.D. және т.б. J Clin Oncol. 2020;39(6):545–547.
5. Dowsett M., және т.б. J Clin Oncol. 2019;37(9):689-692.
6. Curigliano G., және т.б. NPJ Breast Cancer. 2023;9(8):1-8.
7. Breast Self-Exam: Get to Know Your Breasts in 5 Steps - breastcancer.org
8. Breast Cancer Awareness: Look and Feel Every Month - Greater Manchester Cancer Alliance
9. The Estée Lauder Companies' Breast Cancer Campaign
10. National Breast Cancer Foundation. Early Detection of Breast Cancer.
11. Prevent Breast Cancer. Breast Awareness and Education.
12. Centers for Disease Control and Prevention. Breast Cancer.
Сайт Қазақстан Республикасындағы «Новартис Қазақстан» ЖШС қолдауымен пайдаланушылардың сүт безі обыры туралы хабардарлығын арттыру мақсатында әзірленген. Бұл ақпарат емдеуге арналған ұсыным болып табылмайды және маманның консультациясын алмастырмайды. Емдеуші дәрігеріңізге жүгініңіз.
«Новартис Қазақстан» ЖШС
050022, Алматы қ., Құрманғазы көш., 95
тел.: +7 (727) 258-24-47
KZ/11799773/RIB/WEB/09.26/0
Made on
Tilda